CNN телеарнасы: Ресейдің ядролық торпедо сынағы сәтсіз болды

Ресей атом қозғалтқышы бар өздігімен жүретін "Посейдон" суасты аппаратын сынақтан сәтті өткізе алмады. Бұл жөнінде аты-жөнін айтпаған АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларына сүйенген CNN телеарнасы хабарлады."Посейдон" торпедосын жасап жатқанын Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы айтқан. Ақпаратқа қарағанда, ядролық қозғалтқыштар аппаратқа ұзақ жүріп, су астында ұзақ қалуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, ол АҚШ-тың авиатасымалдағыштар тобы мен порттарына шабуыл жасау үшін ядролық оқ-дәрі алып жүре алады.Телеарнаның хабарлауынша, Ресей кемелері аппарат қозғалтқышын Солтүстік Мұзды мұхитта сынамақ болған. Алайда өткен аптада кемелер мен аппарат тиелген суасты қайығы сынақ полигонынан портқа қайта оралған.Америка шенеуніктерінің айтуынша, торпедоны жіберу кезінде техникалық проблемалар туындаған. Олардың айтуынша, Ресей армиясы қайта сынақ жүргізуі мүмкін, бірақ қыс таяп қалғандықтан сынау мүмкіндігі шектелуі ықтимал.Америка шенеуніктері сынақ кезіндегі апат қоршаған ортаны ластауы мүмкін деп қауіптенеді.2019 жылы Архангельск облысы Северодвинск полигонында жарылыс болып, кемінде бес адам опат болған. Сол кезде айналаға радиоактивті заттар тарағаны хабарланды. Болжам бойынша, апатқа ядролық қозғалтқышы бар "Буревестник" қанатты зымыранының сәтсіз сынағы себеп болған.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
3 желтоқсан 2023
3 желтоқсан 2023
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар