Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бас консулдық Қазақстан азаматтарынан Түркияда сақ болуды сұрады

inform.kz

Бас консулдық Қазақстан азаматтарынан Түркияда сақ болуды сұрады

Жарылыс Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде болды. Оқиға орнында жедел медициналық көмек бригадалары, құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. Ыстанбұл губернаторлығының мәліметінше, жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам зардап шеккен. ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес береді. Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ. Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49. Бұған дейін еліміздің сыртқы істер министрлігі жарылыс құрбандарының арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатқанын хабарлаған еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қаңтар 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар