Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазыбек Исаның жүрегіне жасалған отадан кейінгі жағдайы белгілі болды

kaz.caravan.kz

Қазыбек Исаның жүрегіне жасалған отадан кейінгі жағдайы белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Азамат Тасқараұлының фейсбук желісіне жариялаған жазбасына сілтеме жасап хабарлайды. "Ота сәтті өтті. Есін жиып, дәрігерлер бақылауында жатыр. Қайраткер көкемнің жұбайы Жәннат тәтем кешелі бері дұға жасап, тілекші боп отырған барша ағайын, жаранға дұғай сәлем мен зор ризашылығын білдірді", - деді ол. Айта өтейік, бұған дейін шайырдың өзі де денсаулық жағдайына қатысты жазба жариялаған . "Қарашаның 9-ына Мәжілістің жалпы отырысында мазамыз кетсе де шыдап, кездескісі келген журналистерге де, түскі асқа да қарамай, жедел ауруханаға жеткенбіз. Президенттің іс басқармасына қарайтын Медициналық орталық дәрігерлері бірден кардиограммаға түсірді де, жүректен бастап, бәрін түгел тексереміз деп бірден жатқызып тастады. “Бүгін үйге барып, ертең киім ауыстырып келем” дегенге де жібермеді. Тіпті, бүгін коронарография тексеруінен соң, палатама қайта жібермей, сол жерден бірден реанимацияға әкеліп жатқызып қойды. Ертең сенбі күні таңертең сағат 9-да жүректің негізгі 3 тамырына шунтирование операциясын жасайды. Шұғыл операция жасамаса болмайды дейді", - деген еді. Сондай-ақ, шайыр сөзінің соңын өлең жолдарымен қорытып, көпшіліктің көңілін босатқан. Амандық тілеп, дұға етіп жатқандардың арасында танымал ақын-жазушылар да, журналистер де, актерлар да бар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қаңтар 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар