Алматыда белсенді Бибігүл Иманғалиева өзін полицияға алып кеткенін хабарлады
17 қарашада таңертең Алматыда полицейлер белсенді Бибігүл Иманғалиеваны үйінің маңынан ұстап, Әуезов ауданы басқармасына әкеткен. Бұл жөнінде белсендінің өзі Азаттыққа хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, полицейлер ештеңе түсіндірмеген, шақырту да бермеген. - Ештеңе берген жоқ. Қолдарындағы қызметтік куәліктерін зорға сұратып жатып, көрдім. Біреуі Айбол, біреуі Арсен деген жігіт. Қазір аудандық басқармаға алып бара жатыр, – деді Бибігүл Иманғалиева Азаттық тілшісіне.Оның айтуынша, кешеден бері үйінің маңын екі көлік торуылдап жүрген. Ол бейсенбі күні сағат 11-дегі ұшағына үлгеру үшін ертерек шыққан кезде полицейлер өзін үйінің маңынан тосып алғанын айтты.Азаттық тілшісі полициядан жауап алуға тырысып жатыр.Бибігүл Иманғалиева – билік тіркемей отырған "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастама топ өкілі. Ол бұған дейін саяси тұтқындарды босатуды, белсенділерді қудалауды доғаруды және саяси партияларды тіркеу митингілеріне қатысып, әкімшілік жазаға тартылған.20 қарашаға белгіленген оппозиция митингісі қарсаңында Қазақстанда белсенділер жиі ұстала бастады.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
4 желтоқсан 2024
4 желтоқсан 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар