Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанға келген иммигранттар саны бірден 51 пайызға өсті

ktk.kz

Қазақстанға келген иммигранттар саны бірден 51 пайызға өсті

Бұл өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда бір жарым есе артық. Ranking.kz порталының дерегінше, өңірлер бойынша келгендердің басым бөлігі Маңғыстау облысына тұрақтаған: 2,4 мың адам, бір жылда 53,9 пайызға көбейген. Одан кейін Алматы (2,1 мың адам, 67,1% көбейген) және Алматы облысы (1,4 мың адам, 8,4 есе көбейген) тұр. Келгендер ең аз қоныстанған өңір Қызылорда облысы: жыл басынан бері небәрі 12 адам келді, бір жыл бұрын 7 адам ғана болған. Қарағанды облысынан көп адам кеткен: 2,5 мың — бір жыл бұрынғыдан 31,5 пайызға аз. Одан кейінгі орында - Қостанай (2,4 мың адам, 6% азайған) және Павлодар (2,3 мың адам, 14,8% азайған) облыстары. Ең аз адам Қызылорда облысынан кеткен: бар болғаны 42, бір жыл бұрынғыдан 28,8 пайыз азайған. Биыл елімізге 989 техникалық, 516-сы экономикалық, 351-і педагогикалық, 219-ы медициналық, 130-ы заңгерлік, 106-сы сәулет-құрылыс, 70 ауыл шаруашылығы мамандары келген. Елімізден кеткендердің ішінде 3,5 мың адам техникалық, 1,6 мыңы экономикалық, 1 мыңы педагогикалық, 542-і медициналық, 378-і заңгерлік, 218-і сәулет-құрылыс өнері, 159-ы ауыл шаруашылығы мамандығын алған. Биыл Өзбекстаннан келгендер саны басым: 4,8 мың адам — бір жыл бұрынғыдан бірден 88,8 пайыз артық. Екінші және үшінші орында Ресей мен Түрікменстан тұр. Үздік бестікке Қырғызстан мен Қытай да кіреді. Қазақстаннан Ресейге кеткендердің қарасы қалың: 16,6 мың адам — бір жыл бұрынғыдан 21,4 пайыз аз. Одан кейін Германия, АҚШ, Польша және Өзбекстан алдыңғы орында. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024