Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қақаған суықта Өскемен жылу электр станциясынан да ақау шықты

azattyq.org

Қақаған суықта Өскемен жылу электр станциясынан да ақау шықты

Өскемен қаласындағы жылу электр станциясының бірінен күшті аяз кезінде ақау шыққан. Бұл ақпаратты "Хабар 24" таратты. Түнде Өскеменде минус 40 градусқа дейін аяз болған."Шығыс Қазақстан облысында кейінгі күндері аяз күшейіп тұр. Өскемен ЖЭС-і де шыдай алар емес. Датчиктердің бірінен ақау шығып, №15 қазандық ажырап қалды. Бір жарым сағатттан соң қайта қосылды. Бірақ құбыр суының айналымы сыр берген. Сол себептен тұрғын үй батареяларындағы температура төмендеп кетті", - дейді телеарна сюжетінде.Қазір станцияда жөндеу бригадалары көбейтілген, 7 қазандық пен 6 турбоагрегат жұмыс істеп тұр.КазТАГ жазуына қарағанда, Өскемен ЖЭС-і 2017 жылы мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің құдасы, миллионер Дінмұхамед Ыдырысов бақылайтын "Қазақстан коммуналдық жүйесі" компаниясының меншігіне өткен.27 қарашаға қараған түні Екібастұз қаласының ЖЭС-і тоқтап, қала жылусыз қалған. Қала әкімдігі төтенше жағдай жариялаған. Қарашаның бас кезінде Шығыс Қазақстан облысының 55 мың адам тұратын Риддер қаласы да жылусыз қалған болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024