Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Талдықорғанда зорлап кетті деп өтірік айтқан әйел сотталды

alashainasy.kz

Талдықорғанда зорлап кетті деп өтірік айтқан әйел сотталды

Талдықорғанда зорлап кетті деп ер адамға жала жапқан әйелге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сот 2020 жылдың қыркүйегінде танысын зорлады деп айыптап, полицияға арызданған талдықорғандық 29 жастағы әйелдің ісін қарады. Тергеу барысында арызданушының сөзінде сәйкессіздік бар екені анықталды. Сондай-ақ бірқатар сараптаманың нәтижесі оның пайдасына шешілмеді. Нәтижесінде полицейлер күдіктінің үстінен қылмыстық қудалауды тоқтатып, жалған хабарлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. "Тергеу Қылмыстық кодекстің 419-бабы (көрінеу жалған хабарлау) бойынша жүргізілді. Қылмыстық істің материалдарын қараған сот оны кінәлі деп тауып, 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесу туралы қаулы шығарды", - деді Талдықорған полициясы бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахымов.Ер адам полицияға алғысын білдірді. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024