Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде интернет алаяқтары көбейді

alashainasy.kz

Елімізде интернет алаяқтары көбейді

22:41, 29.11.2022 23 Қазақстандықтар интернеттегі алаяқтарға 15 млрд теңге берген, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл кейінгі 11 айдағы көрсеткіш. Полиция күрес жұмыстарын күшейткенмен кибер қылмыстың азаятын түрі жоқ. Мыңдаған азамат сан соғып қалып жатыр. Ал оның ашылу көрсеткіші тым төмен. Биыл жыл басынан бері осындай 18 500-ден астам қылмыс тіркелген. Соның небәрі 3 мыңдайы ғана ашылыпты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша қылмыстың көбі тауарды онлайн арқылы сату кезінде жасалады екен. Жандос Сүйінбай, Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы: - Ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару немесе несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына құлақ түрмеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейтінін есте сақтаңыздар! Өздерін банк, полиция қызметкері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді платситкалық карталардың нөмірлерін немесе СМС хаттардың кодтарын, құпия сөздерді хабарламаңыздар. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024