Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Украиндар Ресейден азат етілген Изюм қаласындағы көшелердің біріне Жохар Дудаев есімін берді

azattyq.org

Украиндар Ресейден азат етілген Изюм қаласындағы көшелердің біріне Жохар Дудаев есімін берді

Украинаның Харьков облысындағы Изюм қаласы әкімшілігінің топономика комиссиясы қаланың 22 көшесінің атауын өзгерту жөнінде шешімді бекітті. Изюмдегі Тургенев көшесі мұнан былай Шешенстанның бұрынғы президенті Жохар Дудаевтың атымен аталады.Изюм көшелерінің аты өзгеретіні жөнінде қазан айында қала басшысының орынбасары Владимир Мацокин фейсбук парақшасына жазған. Орыс жазушылары мен әскери қолбасшыларының атында тұрған көшелерге енді укрин қайраткерлерінің есімі берілетін болған. Оның ішінде Еуромайдан белсендісі және Изюмді қорғау кезінде қаза болған ерікті Роман Ратушный да бар."1990-жылдары шешендердің бастан өткергенін дәл қазір украиндардан артық түсінетін ешкім жоқ. Ол кезде шешен халқына геноцид жасаған Ресей бүгінде украин халқын қырып жатыр. Сондықтан біз шешен халқының тәуелсіздік жолындағы күресін жақсы түсінеміз", - дейді Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренко.Гончаренко көше атауына Дудаев есімі берілгені "маңызды саяси белгі" деп санайды."Біз өзге де Кавказ халықтары секілді, шешен халқының тәуелсіздік аларына сенеміз", - дейді ол.Жохар Дудаев (1944 – 1996) – 1990 - жылдары жарияланған Ичкерия-Шешен республикасының президенті ретінде осы республиканың тәуелсіздігі жолында күрес бастап, Ресей арнаулы органдарының операциясынан қаза болған.Украинаға басып кірген Ресей әскері Изюмді жаппай атқылап, толықтай қиратқан. Қалада электр қуаты, газ және жылу жүйесі істен шыққан. Ресей әскері Изюмге 1 сәуірде кіріп, алты айға жуық бақылау орнатқан. Қыркүйекте Украина қарулы күштері азат еткен.20 маусымда Жоғарғы Радада "Азат Кавказ" деп аталатын депутаттық топ құрылған. Топты Рада депутаты Алексей Гончаренко басқарған. Мамыр айында Гончаренко Ресейдің черкестерге жасаған әрекетін геноцид деп танып, Ичкерияның тәуелсіздігін мойындауды ұсынған.Қазан айында Украинаның Жоғарғы Радасы Шешенстанды "Ресей уақытша жауалап алған жер" деп мойындап, "шешен халқына жасалған геноцидті" мойындайтын қаулы алған. Қаулыны 287 депутат қолдаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024