Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар: Құқық қорғаушы полицияның қоқан-лоқы туралы шағымды тексермей отырғанын айтты

azattyq.org

Павлодар: Құқық қорғаушы полицияның қоқан-лоқы туралы шағымды тексермей отырғанын айтты

Павлодарлық құқық қорғаушы Елена Семенова 25 жастағы қызына жасалған қоқан-лоқыны полицияның тексеруден бас тартып отырғанын мәлімдеді.Семенованың сөзіне қарағанда, қорқыту амалдары 4 желтоқсанда басталған. Сол күні қызына Kaspi банк қосымшасы арқылы 100 теңге (0,2 доллар) түскен. Ондағы хабарламада "Көзіңе қарап жүр! Ұрып тастайды, уәде беремін" (Оглядывайся! Изобьют, обещаю!) деп жазылған. Ертесінде де қызы ар-намысқа тиетін сөздер жазылған хабарлама алған.6 желтоқсанда Семенова "Қоқан-лоқы" (115-бап) және "Қорлау" (131-бап) бойынша полицияға арыз түсірген.Алайда Павлодар полициясының оңтүстік бөліміндегі қызметкерлер олардың өтініштерін қабылдаудан бас тартқан. Кезекші қызметкер шағымданушыларға полицияның солтүстік бөліміне бару қажеттігін алға тартқан, себебі "қоқан-лоқы" туралы хабарлама "солардың аумағында оқылған". Полицей сонымен бірге "алғашқы хабарламада – қоқан-лоқы, екінші хабарламада қорлау жоғын" алға тартқан.Полицияның солтүстік бөліміндегілер де, құқық қорғаушының сөзінше, "банк құпиялылығын алға тартып, хабарламаны кім жібергенін анықтау мүмкін емес" екенін жеткізген."Полиция қызметкері [хабарлама иесін анықтау бойынша] сұрау салу үшін прокурордың санкциясы керек, бірақ оны ешкім бермейді, ешкім іс қозғамайды, шағым бойынша процессуалдық шешім қабылданады, ол туралы ертең қызыңыздың нөміріне хабарласып айтады деп қана қойды. Полицияның екі бөлімінде де қылмыс құрамы жоқ, бұл максимум әкімшілік іс болады, ешкім ештеңе іздемейді деді" деп жазды Семенова Фейсбукта.Құқық қорғаушы кейін Азаттыққа полицияның солтүстік бөліміндегілер арызды қабылдағанын хабарлады. Дегенмен арызды біртұтас реестрінде тіркегені жөнінде талон бермеген, тек ауызша хабарлаған.Елена Семенова қызын қорқытып, қорлаған хабарламаларды өзінің құқық қорғау қызметімен байланыстырады."Мен ештеңеге таңғалмаймын. Мүмкін. Хабарламаны оқыған қызымның бірінші айтқаны: Мама, қараңыз, немен айналысатыныңызды көріңіз. Сен жақтан келген шығар" деді құқық қорғаушы.Семенова оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінің әрекетіне байланысты прокуратураға шағым түсіретінін де жеткізді. Оның айтуынша, полицияның жағдайды "анықтауға ықылас білдірмеуі" қалыпты нәрсе емес.Павлодар облысы полициясының баспасөз қызметі өтініш полицияның солтүстік бөлімінде тіркелгенін, қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады.Елена Семенова Фейсбук парақшасында түрмелердегі жемқорлық, тұтқындармен дөрекі қарым-қатынас, қамау орындарындағы заңсыз жайттар туралы жазады. 2018 жылы Еуропарламент депутаттарымен кездесу кезінде Қазақстан түрмелеріндегі жағдайды баяндаған соң құқық қорғаушының үстінен "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сол жылы қазақстандық шекарашылар оны Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы депутаттарымен кездесуге жібермеді. Бірнеше күннен соң белгісіз біреулер Семенованың үйіне ішінде жанғыш зат бар бөтелке лақтырған.2020 жылы бірнеше түрме Семенованы "жала жапты" деп айыптап, сотқа арыз түсірген. Сол кезде он шақты шағым түсіріліп, кейбірі қайтарылды, кейбірі бойынша сот шешімі шығып, сот Семенованы жазбаны терістеуге және сот шығынын өтеуге міндеттеген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024