Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында күдікті педофил өзіне қол салды

alashainasy.kz

Алматы облысында күдікті педофил өзіне қол салды

Алматы облысында күдікті уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап. «Алматы облысының Полиция департаменті 3- желтоқсанда Талғар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 121-бабының 3-1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деген күдікке ілінген (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бұрын сотты болған 19 жастағы күдіктіны ұстады. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Желтоқсанның 5-і күні сағат 13:55 шамасында күдікті изоляторда асылып қалған. Қайтыс болу фактісі ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция бөлімінде тіркелді»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды және тергеу шаралары жүргізілуде, өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024