Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

СҚО-да 70 бас жылқы Баршын өзеніне батып кетті

alashainasy.kz

СҚО-да 70 бас жылқы Баршын өзеніне батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір ауылдың жұрты жүгені бос қалды. 70 бас жылқы Баршын өзеніне батып кеткен. Тереңдігі төрт метрге жуық өзен суы әлі толық қатпай жатып, үш үйір мал мұз үстіне шығыпты. Содан мұз опырылып, жылқылар су астына кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап. Малмен күн көріп отырған Әлжан ауылының тұрғындары бұл жайсыз хабарды тек бес күн өткен соң естіді. Малсыз қалған ауылдағылар енді шығынды да кімнен өндірерін білмей отыр. «Жаным малымның садағасы» дейтін әлжандықтарға үйір-үйір жылқының сақылдаған сары аязда мұз астына түсіп кеткені аса ауыр тиіп отыр. Жақында ғана қорасына қыстық соғымын байлап, өзге малды жылқышылардың алдына салып берген. Енді, міне, ақ қар көк мұзда көл үстінде опыр-топыр болыпты. Теңкиіп қатып жатқан өлекселерді өз көзімен көргенше сенбеген. Енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Ғалым Әйтенов, Әлжан ауылының тұрғыны: - Елге келген бір қиын жағдай болды. Үкіметтен бір көмек, өтемақы сияқты бірдеме күтіп отырмыз. Енді бұған жылқышылардың кінәсі жоқ дейміз. Өйткені жылқышылар күндіз барып түгендейді, ал түнде .. яқты мал ... Малының өтеуін кімнен сұрарын білмей отырған тұрғындар бұл іске жауапты жылқышылар екенін жақсы біледі. Бірақ ауылдасының көңіліне қарап, аязда баға алмапты деп полицияға да шағым түсірмеген. Ендігі жерде тігерге тұяқ қалмаған отбасыларға мемлекеттен өтемақы болса дейді. Бәрі жиылып, аудан әкімдігіне де барған. Едірес Жанапин, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары: - Тосын болған апат қой. Бұл енді табиғи апат емес. ТЖ бастығы, полиция, әкімшіліктен барып көрді. Қандай жағдай. Енді біз өз тарапымыздан қандай ереже бар екен, төлем бола ма, болмай ма, қарап шықтық. Бірақ қазір төтенше жағдай деген жоқ мұнда. Бақташылардың ақаулығы, қарамаған да шығар. 400 бас тұяқты малды бес жылқышы бағады екен. Олар тебіндегі малды қараусыз қалдырған. Баршын көлін жағалай жайылатын Қамбар ата түлігі мұз жалағаны болмаса, көлдің ортасына дейін үйіріліп көрмепті. «Соған қарағанда иесіз малды әлдекімдер айдап әкелуі де мүмкін»- дейді Әлжан ауылындағылар. Өлекселер 700 гектар жерді алып жатқан көлдің дәл ортасында қалған. Тілеужан Қазыбеков, жылқышы: - Түн суық. Біз оған тұра алмаймыз мынаның басында. Жылқы тебінде. Қазақ халқы түсінеді оны. Бұндай оқиға болмаған. Көлге түсіп кетеді деген ешкімнің ойында болмаған. Ары қарай білмейміз, қалай болатынын. Оны халық шешеді. Ауылдан шыққан бес жылқышы әлі де жоқ іздеп жүр. Олардың есебінше, 105 бас мал жоқ. Мұзға айналған өлекселер саны – 68. Тұрғындардың айтуынша, мұз астында тай-жабағылар да жатуы мүмкін. Енді малдың өлекселерін мұз әбден қалыңдап қатқан кезде ғана техникамен шығарып алады. Сонда ғана суға кетіп, мұзға айналған малдың нақты саны белгілі болады. Алдына салған малына ие бола алмаған жылқышылар жауап бермесе, басқа жақтан өтемақы төленбейтін сияқты. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024