Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте көпқабатты үйде жарылыс болды

alashainasy.kz

Шымкентте көпқабатты үйде жарылыс болды

Шымкент қаласында Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Шымкент қаласы ТЖ департаментіне 6 желтоқсанда сағат 16:27-де 9 қабатты тұрғын үйде жарылыс туралы хабарлама келіп түскен. Алғашқы болып оқиға орынан келген өрт сөндіру бөлімшелері 1 қабатындағы дүкеннің ішінде құрылыс жасау кезінде газ ауа қоспасының тарсылы салдарынан көлемі 10 ш.м. пластикалық құбырлар жанғанын анықтады. Тарсыл салдарынан 2002 жылы туған ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. «Өрт сағат 17:02-де оқшауланып, сағат 17:18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.Оқиға орнына Шымкент қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 11 қызметкері мен 2 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды», - делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарламасында. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024