Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан Қытай атом электр станциясына ядролық отын тасымалдай бастады

alashainasy.kz

Қазақстан Қытай атом электр станциясына ядролық отын тасымалдай бастады

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауытынан Қытайға AFA 3G ТМ дизайнындағы жаңа ядролық отын – жылу бөлетін құрамалардың бірінші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір қайта жүктеу көлеміндегі (30 тоннадан астам төмен байытылған уран) жылу бөлетін құрамалар орналастырылған 34 көліктік-орау контейнерлері бар теміржол платформалары мамандандырылған күзетпен бірге Қытайдағы атом электр станциясына жеткізіліп, тұтынушы – Қытайдың CGNPC-URC ядролық корпорациясы қабылдап алды. Жылу бөлетін құрамалар өндірісінде Үлбі металлургия зауытында қайта өңделген Қазақстанда өндірілген уран шикізаты пайдаланылады. Компания дерегінше, «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауыты 2021 жылдың қараша айында Framatome француз компаниясының AFA 3G дизайнындағы ЖБҚ өндіру технологиясының иесі тарапынан сертификаттаудан өткеннен кейін және өнімнің түпкілікті тұтынушысы – CGNPC-URC Қытай ядролық корпорациясы тарапынан сертификатталған ядролық отын жеткізушісі ретінде танылғаннан кейін іске қосылды. Бұл атом электр станциялары үшін ядролық отын шығару бойынша Қазақстан Республикасындағы жалғыз өндіріс. Зауыттың қуаты – төмен байытылған уранға есептегенде жылына 200 тонна. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024