Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

“Көп адамға көне бермеймін.” - Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай мен Мөлдір Мұқанованың келісім шарты бұзылды

kaz.caravan.kz

“Көп адамға көне бермеймін.” - Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай мен Мөлдір Мұқанованың келісім шарты бұзылды

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды. Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатнда өнеріндегі соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Жақында продюсері атанған Мөлдір Мұқановамен жолдары екіге айырылған екен. - Продюсерің Мөлдір Мұқановамен арадағы келісімшарттың бұзылғанын білдік. Оған не себеп? - Біз өзіміз екі жақты келісімге келіп жұмысты тоқтатуға бел байладық. Өзімнің басқа бағытта екенімді түсіндім. Жолым басқа екен. Айтыскер ақын болғаннан кейін көп адамға көне бермеймін. Еркелігімде болды. Қысқасы сыймай қалдым.( күліп) - Басқа продюсерлер хабарласып жатыр ма? - Иә, хабарласып жатқандар бар. Бірақ мен ол туралы әлі ойланған жоқпын. Өзім жеке шығармашылығымды дамытып жатырмын. Жақында киноға түстім, сол жағын дамытып жатырмын. Нақты әлі мына продюсермен жұмыс жасаймын деп шешімге келген жоқпын, - деді ақын. Желі оқырмандары: " Мен білетін айтыскер ақындар өз дегенін жасайды","Әнші деп деп ойлап қалған шығар","Айшолпан өзі де жеке жүре алады ғой","Ақындарға продюсер керек емес","Мықтысың батыр қыз","Ақын қыз өзің-ақ шығасың",- деп жазды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024