Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қаңтар оқиғасы: Бас прокурор теракт жасау айыбы тағылған екі оқиға туралы айтып берді

inform.kz

Қаңтар оқиғасы: Бас прокурор теракт жасау айыбы тағылған екі оқиға туралы айтып берді

«Бүгінде біздің істер бойынша 573 адам сотталды. Оның ішінде теракт жасау фактісі бойынша 2 іс бар. Қызылордада Құдайбергенов әскери қызметкердің автокөлігін тартып алып, әскерилер тобына шабуыл жасаған. Соның салдарынан Қайсаров қаза болды. Ал Таразда Бекболов есімді тұрғын әкімдіктің ғимаратына шабуыл жасауға қатысып, полиция қызметкерлері мен әскерилердің бастарынан оқ атуға шақырған», - деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында. Қазіргі таңда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар ретінде 18 адам анықталды.Олардың 13-іне қатысты іс сотта қаралуда. «Тәртіпсіздікке қатысқан көп адамды тоқтатуға құқық қорғау күштерінің мүмкіндігі болмады. Оның үстіне, қызметкерлердің басым бөлігінде қару болған жоқ. Олар соңына дейін тек арнайы құралдарды – су атқыштар, резиналық таяқшаларды қолданды. Бірақ сол уақытта жүздеген тәртіп сақшылары жараланған еді, оның ішінде оқтан жарақат алғандар да болды. Ал бір офицер қалалық әкімдікте болған өртте тірідей жанып кетті», - деді Бас прокурор. Бұған дейін Б. Асылов қаңтардағы тәртіпсіздікке 35 жасқа дейінгі адамдар көп қатысқанын айтқан еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 ақпан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар