Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Путиннің жаңа жылдық құттықтауы кезінде "HIMARS" нысанасына ілінген Ресей солдаттарының тізімі құпия

azattyq.org

Путиннің жаңа жылдық құттықтауы кезінде HIMARS нысанасына ілінген Ресей солдаттарының тізімі құпия

Ресейдің Самара облысының әскери комиссары Алексей Вдовин жаңа жыл түнінде Макеевка қаласындағы кәсіптік-техникалық училище ғимаратын Украина HIMARS ракетасымен атқан соң өлген солдаттарының тізімін жариялаудан бас тартты. Ол "өлгендердің тізімін шетел барлауы мүмкін" деп есептейді. Бұған дейін өлгендердің туыстары ақпарат беруді талап етіп, 50 мың адам қол қойған петиция жариялаған.Алексей Вдовиннің сөзінше, өлгендердің тізімі құпия ақпарат болып саналады, оны тек туыстарына ғана айтуға болады.2022 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 1 қаңтарына қараған түні, Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа жылдық құттықтауы кезінде Украина Донецк облысындағы Макеевка қаласында орналасқан училище ғимаратын HIMARS зымыранымен атқан. Кәсіптік-техникалық училище ғимараты толығымен қираған. Оның ішінде Ресейдің Самара қаласы мен облысынан мобилизациямен әскерге алынғандар көп болған. Ресей қорғаныс министрлігі 89 жауынгердің өлгенін хабарлаған. Украина 400 солдат өліп, 300 солдат жараланды деп есептейді. Куәгерлер жүздеген адам өлгенін және зардап шеккендердің көптігін айтып жатыр.3 қаңтарда Самара, Тольятти, Новокуйбышевск және Сызрань қалаларында қаралы митингі өтті. "Важные истории" басылымының хабарына қарағанда, әскерге мобилизацияланғандардың әйелдері кімнің өліп, кімнің тірі қалғаны жайлы ақпарат берілмей отырғанын айтқан.Ресей қорғаныс министрлігі 8 қаңтарда кек қайтарғанын, Украинаның Краматорск қаласындағы жатақхананы бомбалап, Украинаның 600 жауынгерін өлтіргенін мәлімдеген. Украина билігі мен Краматорск мэрі Александр Гончаренко және өзге де куәгерлер 8 қаңтардағы Ресей шабуылынан соң бірнеше ғимарат қирағанын растаған, бірақ жараланғандар мен өлгендер жоқтығын мәлімдеген. Украина билігінің мәліметінше, Краматорскіде 600 солдат шоғырланған жер жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024