Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Журналистер Украинада қаза тапқан 12,2 мың Ресей сарбазының аты-жөнін анықтады

azattyq.org

Журналистер Украинада қаза тапқан 12,2 мың Ресей сарбазының аты-жөнін анықтады

Соғыс басталғалы Украинада 12 200-ден астам Ресей азаматы қаза болған, оның 800-і – мобилизациямен шақыртылғандар. Бұл туралы "Медиазона" басылымымен бірге өлгендер тізімін жасап жатқан BBC телеарнасы хабарлады.Журналистер тізімді құрастырған кезде Ресей медиасы, жергілікті билік пен тұрғындар мәліметі сияқты ашық ақпарат көзі растаған деректерді пайдаланатынын айтты.Өлгендердің басым бөлігі – Краснодар, Свердловск, Челябинск облыстарынан және Дағыстан мен Бурятиядан. Олар негізінен атқыштар, әскери десант және еріктілер батальонынан екені анықталған.BBC жыл аяғында Украинада "Вагнер" жеке әскери компаниясының жалдамалы әскері қатарында болған 450-ден астам сотталушы мерт болғанын анықтаған. Саны артып жатқандықтан, мұндай адамдарға қатысты статистика бөлек жасалып жатыр.Мониторинг авторлары тізімдегі есімдер Ресейде жерленгендердің 40-60 пайызы ғана болуы мүмкін екенін айтады. Журналистер елдегі 60-тан астам елді-мекендегі зираттарды зерттегеннен кейін осындай тұжырымға келген. Сөйтіп Украинаға басып кіргелі бері Ресей 24 мыңнан астам азаматынан айырылған болуы мүмкін деген қорытынды жасалып отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024