Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ соты 2017 жылы Нью-Йоркте жүк көлігімен жұртты қақты деп айыпталған Саиповті кінәлі деп тапты. Ол Өзбекстанда туған

azattyq.org

АҚШ соты 2017 жылы Нью-Йоркте жүк көлігімен жұртты қақты деп айыпталған Саиповті кінәлі деп тапты. Ол Өзбекстанда туған

26 қаңтарда АҚШ федерациялық сотының алқа мүшелері 2017 жылы Нью-Йоркте велосипед жүретін жолда бір топ адамды жүк көлігімен қағып өтті деп айыпталған Сайфулло Саиповті кінәлі деп тапты. Сотталған ер адам Өзбекстанда туған. Шабуылдың салдарынан сегіз адам қаза болып, 12 адам зардап шеккен.АҚШ-қа 2010 жылы қоныс аударған 34 жастағы Сайфулло Саипов 28 эпизод бойынша (арасында адам өлтіру, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына материалдық көмек беру де бар) кінәлі деп танылды. CNN хабарына қарағанда, соңғы сөзінде айыпталушының адвокаты Дэвид Пэттон "қорғау тарабында Саиповтің көшедегі адамдарды қағып өткеніне дау жоқ, алайда ол мұны жұртты ИМ-ге тарту үшін істеді деген прокуратура тұжырымына келіспейміз" деген.Reuters-тің жазуынша, сот алқасы 6 ақпанда оған өлім жазасын қолдану-қолданбау мәселесін шешпек. Өлім жазасына қарсы Джо Байден әкімшілігі тұсында жазаның мұндай түрі алғаш рет федерация деңгейінде қолданылуы мүмкін.2017 жылғы 31 қазанда Нью-Йоркте болған шабуылдың салдарынан алты шетел азаматы және АҚШ-тың екі азаматы қаза болған. Бұған дейін Саипов істегеніне өкінбейтінін және "неғұрлым көбірек адамды" өлтіргісі келетінін айтқан. Саипов ұсталғаннан кейін шабуыл жасауға ИМ-нің бейнероликтері түрткі болғанын айтқан. ИМ-нің өзі шабуылды мойнына алған. Саиповтің адвокаттары соттан Нью-Йорк прокуратурасын сотталушыға өлім жазасын беруге ықпал ету мүмкіндігінен айыруды сұраған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024