Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда қанша жетім бала бар

inform.kz

Қазақстанда қанша жетім бала бар

«Балажан» жобасы оң нәтижесін беруде. Оған дәлел қолдау орталықтарындағы балалардың психологиялық-эмоционалды жағдайы мен қарым-қатынасы жақсарып келеді. Бастысы балаларға ыңғайлы. Олар өздерін интернатта емес, үйде жүргендей сезінеді. Барлық бала секілді, сабақ оқиды, мектепке барады. Аталған жоба аясындағы тағы бір бағыт - кәсіби патронаттық отбасыны дамыту. Яғни жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне емес, бірден патронаттық отбасыға беру мүмкіндігі. Бүгінде осы практика енгізіліп жатыр», – деді Жанна Сәрсенбаева елордада өткен балалар үйін трансформациялау мәселелеріне арналған жиын барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып. Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, «Балажан» жобасы Ақмола облысында пилоттық режимде жүзеге асып жатыр. Алда республикалық деңгейде ауқымы кеңейе түседі. «Келесі жылы Ақкөл қаласындағы балаларды қолдау орталығының тәжірибесін республикаға таратуды жоспарлап отырмыз. Қазір ол жағы заңнамалық деңгейде пысықталуда. Бүгінде елімізде 20 мыңнан астам жетім бала бар. Олардың 80%-ға жуығы туысы немесе басқа отбасыларда тәрбиеленуде. Жалпы бала асырап алу бойынша елімізде оң динамика», - дейді ол. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда балалар үйлерінің атауы мен қызметі өзгеріп жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024