Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қалмақияның жоғарғы ламасы "шетел агенті" деп танылды. Ол Украинадағы соғысқа қарсы шыққан

azattyq.org

Қалмақияның жоғарғы ламасы шетел агенті деп танылды. Ол Украинадағы соғысқа қарсы шыққан

Ресей әділет министрлігі 27 қаңтарда "шетел агенттерінің" тізімін толықтырды. Оған алғаш рет Қалмақияның жоғарғы ламасы Тэло Тулку Ринпоче (Эрдни Омбадыков) енгізілді. Ол бұған дейін Украинадағы соғысқа қарсы екенін мәлімдеген.Тэло Тулку Ринпоче – 1990 жылдардан бері Қалмақияның жоғарғы ламасы. Ол тибеттік буддизм жетекшісі Далай-ламаның Ресей, Моңғолия және ТМД елдеріндегі ресми өкілі. Былтыр қазанда ол Украинадағы соғысты айыптап, украин жағының әрекетін қолдаған. Ол – Ресейде соғысты жұрт көзінше сынаған алғашқы діни тұлға."Шетел агенттері" тізіміне сонымен бірге Littlе Big тобының әншісі Илья Прусикин, "Соғысқа қарсы феминистік қарсыласу" тобының белсендісі Дарья Серенко, Moscow Times тілшісі Фидель Агумава, татар құқық қорғаушысы Рафис Кашапов және "Цифрлық құқықты дамыту" қоры коммерциялық емес ұйымы және "Күш көрсетпеу философиясы" қоғамдық бірлестігі енгізілген.Little Big тобы бұған дейін соғысқа қарсы шығып, соған арналған "Generation Cancellation" клипін шығарған.Дарья Серенко әйелдер құқығын қорғауды талап етіп, оппозициялық саясаткер Алексей Навальный мен оның "Ақылмен дауыс беру" жүйесін қолдаған."Цифрлық құқықты дамыту қоры" интернет-цензурамен күреседі. Оның "Роскомсвобода" жобасы былтыр жыл соңында "шетел агенті" танылған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024