Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көлік апатынан 25 адам қаза болды

alashainasy.kz

Көлік апатынан 25 адам қаза болды

Перудің солтүстігінде 60 жолаушы мінген автобус сенбі күні жардан құлап кеткен. Салдарынан 25 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Қытайдың Синьхуа агенттігі хабарлайды. Ақпаратқа сәйкес, оқиға сағат 03.00 шамасында болған. Рейстік автобус жүргізушісі Пьюра аймағы Талара провинциясындағы қолайсыз жолда көлікті игере алмай, автобус құздан құлаған. Қазір жергілікті полиция тергеу жүргізіп жатыр. Перуде жол-көлік апаты жиі болады. Оның негізгі себептері – жол мен көліктердің нашарлығы, сондай-ақ көлікті жүргізуші куәлігінсіз немесе мас күйінде айдау. aikyn.kz Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024