Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

OLX сынды жарнамалар ашық, еркін есірткі саудасына толып тұр: Журналист Гүлмира Әбілқай дабыл қақты

kaz.caravan.kz

OLX сынды жарнамалар ашық, еркін есірткі саудасына толып тұр: Журналист Гүлмира Әбілқай дабыл қақты

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. "ҚР Ішкі істер министрлігі, Алматы облысы Полиция Департаменті НАЗАРЫНА Президенттен бастап синтетикалық есірткімен күресу керек деп тапсырма береді. Полиция күресіп жатқанын айтады. Тұрғындар аулалардан есірткі іздеген адамдарды өздері ұстап әлек. Ал, OLX сынды жарнамалар ашық, еркін есірткі саудасына толып тұр Мына жерде Ғалия есімді пысықой “Hayat Construction Group” деген фирма атынан шұғыл разнорабочий керек: тәжірибесіз студенттерге есік ашық” деп жарнамалап отыр *** Сәлеметсізбе қалыңыз қалай мына жазбамды бір қазақтыңбаласына болсын көмегім тисін деген мақсатта жазып отырмын. Кеше1 сіңілім ватсап групадан күніне 20 мың деген жарнама бойынша хабарласса . Ашық сендетикалық есірткі таратасын деп айтыпты . Сізден өтініш арнайы мамандарға айтып сол хабарландыру бойынша хабарласып тексерсе екен. Оны сататын да алып шегетін өзіміздің қазақтың ұл қызы зардабын тартады. Айран ішкен құтылар, шеклек жалаған тұтылар деп. Үстіндегілері ұсталса дүрыс болар еді **** Жастар тағдырына бей-жай қарамаған оқырманым Мәрияға респект", - деп жазды журналист.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024