Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында су тасқынының қаупі жоғары - Қазгидромет

ktk.kz

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында су тасқынының қаупі жоғары - Қазгидромет

Ақпан айында температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суынан ауқымды тасқын болуы мүмкін. Алайда қыс мезгілі аяқталған жоқ. Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 3 см-ден 84 см-ге дейін артық. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орта есеппен 7 см-ден 40 см-ге дейін кем. Қазақстанның жазықтағы өзендері бассейнінде жиналған қар жамылғысындағы судың қоры айтарлықтай әркелкілігімен сипатталады, нақтырақ айтсақ, ол Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында орташа көпжылдық мәннен төмен, ал Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа көпжылдық мәннің шегінде. Консультативтік синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық. Ал республиканың оңтүстік және шығыс өңірлерінде негізінен жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024