Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каспийде итбалықтардың қырылу себебі анықталды

inform.kz

Каспийде итбалықтардың қырылу себебі анықталды

Ведомствоның Facebook-парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, 2022 жылғы 7 қарашадан 3 желтоқсанға дейінгі кезеңде Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында, Каспий теңізінің жағалауында рейдтік іс-шаралар барысында 172 итбалықтың ұшасы табылған. Осыдан кейін комитет итбалықтардың өлу себебін анықтау үшін «Гидробиология және экология институты» мекемесі, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазақстан қолданбалы экология агенттігі» ЖШС, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығымен, сондай-ақ Маңғыстау облысының Экология департаменті, АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен тиісті жұмыс жүргізді. «Ғылыми ұйымдар мен құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы сараптама нәтижесі бойынша 2022 жылғы қарашада табылған Каспий итбалықтарының көптеген дарағының қырылуының негізгі себебі теңіздің қазақстандық бөлігінде жануарлардың күзгі шоғырлануы кезеңінде аралас тұмау және морбилливирусты инфекцияның өршуі салдарынан вируспен байланысты пневмония деген қорытындыға келді», - деп атап өтеді комитеттен. Таратылған ақпаратқа қарағанда, теңіз жануарларының иммунотоксикалық элементтермен және қосылыстармен созылмалы улануы олардың иммунитетінің төмендеуіне және ағзаның жалпы төзімділігіне байланысты жұқпалы ауруларға сезімталдығының жоғарылауына ықпал етеді. «Осылайша, 2022 жылдың қарашасында табылған Каспий итбалықтарының қырылу себебі - иммунитеттің әлсіреуінен туындаған вирусты инфекциялардың өршуінен пайда болған пневмония. Иммунитеттің төмендеу себебінің бірі – жануарлардың тіршілік ету ортасының ластануы», - делінген таратылған ақпаратта. Фото: www.facebook.com/fishcomitteekz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024