Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

4 пайыз автонесие: 463 қатысушы төлем шотын алып үлгерді

informburo.kz

 4 пайыз автонесие: 463 қатысушы төлем шотын алып үлгерді

6 ақпанда Астана уақытымен сағат 10.00-де жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдайтын autonesie.kz платформасы іске қосылды. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ бағдарламаның алғашқы қорытындысын шығарды. Платформа алғаш іске қосылғанда пулға 19 бен 62 жас аралығындағы 761 қатысушы тіркелген. Өтінім қабылдау басталған сәтте autonesie.kz сайтына Алматы (31%), Астаны (22,6%) және Шымкент (9,3%) қалаларынан көптеп кірген. Қолданыстағы автокредиттерді өтеуден жинақталған қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрайды. Сол себепті пилоттық платформа іске қосылғанда 761 өтініш беруші ғана тіркелді. Бүгінде 463 қатысушы автосалондарға барып, төлем шотын алды. Қатысушылардың басым бөлігі Hyundai мен Chevrolet автокөлік брендтерін таңдаған. Оқи отырыңыз: 18 секундта – 761 өтініш: Автонесие сайты неге көп адамның өтінішін қабылдамады? Автокөлік төлем шоты берілді: Бағдарламаға қатысушы банктер жалпы 2 549 млрд теңге сомасында өтінімдерді қабылдап, мақұлдады. Оқи отырыңыз: 2023 жылы 4 пайыздық автонесиемен қалай көлік алуға болады? Өзекті 10 сұраққа жауап Жеңілдетілген автонесиені рәсімдеудің жалпы мерзімі платформада өтінім берген сәттен бастап автокөлік алғанға дейін 60 күнтізбелік күнді құрайды. Өтінім берушіге бір банк кепілхат беруден бас тартса, онда бағдарламаға қатысушы басқа банкке жүгінуге құқылы. Еске сала кетсек, Қазақстанда 2015 жылдан бастап жеңілдетілген автонесие беріледі. Бүгінде бағдарлама бойынша жалпы сомасы 281,5 млрд теңгеге 45 325 автокөлік берілді. Соның ішінде "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 2022 жылғы мамырдан бері жалпы сомасы 100 млрд теңгеге 12 626 жеңілдетілген қарыз берді. Банктер 2015 жылдан бері 181,5 млрд теңгеге 32 699 қарызды мақұлдады. Бағдарлама 2052 жылға дейін жалғасады. Платоформа іске қосылғаннан кейін әр ай сайын жүзден астам өтініш беруші тіркеледі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024