Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балалар БҰҰ бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағымдана алады

informburo.kz

 Балалар БҰҰ бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағымдана алады

Қазақстандықтар бала құқығы бұзылылған жағдайда БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағым бере алады. Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин осындай мүмкіндік беретін факультативтік хаттамаға қол қойды. Ол Бала құқықтары туралы конвенцияға үшінші факультативтік хаттама болып саналады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. "Үшінші факультативтік хаттамаға сәйкес, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Комитет, өз кезегінде, әрбір істі қарап, қатысушы мемлекеттерге нақты ұсыныстар баяндалған шешімдер қабылдайды", – деп жазылған хабарламада. Құжат Қазақстан парламенті ратификациялағаннан кейін күшіне енеді. Оқи отырыңыз: "Мектеп директорлары үндемей қалуға бейім". Бала құқығын кім және қалай қорғап жатыр? Айта кетейік, Қазақстан осы адам құқықтары саласындағы маңызды халықаралық шартқа қол қойған елу үшінші мемлекет болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024