Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ОСК: RESPUBLICA партиясы құжаттарын өткізді

alashainasy.kz

ОСК: RESPUBLICA партиясы құжаттарын өткізді

19 наурызда өтетін кезектен тыс сайлауға қатысу үшін Respublica партиясы да Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. Партия атынан сайлауға 25 кандидат түспек. 4 үміткер бірмандатты сайлау жүйесі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде 17 ер, және 8 әйел адам бар. Кандидаттардың орта жасы – 38. Үміткерлердің үлкені 51 жаста болса, ең кішісі 25-те. Бұл туралы Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы Олжас Құспеков айтты. Олжас Құспеков, Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы: - Respublica партиясының Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің арасында ең кіші жас көрсеткіші 25, ең үлкен жас көрсеткіші - 51. Төрт адам бірмандаттың округ бойынша кандидаттыққа ұсынылды. Екі ер және екі әйел адам.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024