Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәдениет министрлігі Түркияға баратын туристерге қатысты мәлімдеме жасады

alashainasy.kz

Мәдениет министрлігі Түркияға баратын туристерге қатысты мәлімдеме жасады

Мәдениет және спорт министрлігі Түркияға баратын туристерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап. «Түркияға жолдама сатып алған қазақстандық туристер тарапынан осы уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Туризм комитетіне туристік жолдамалардың күшін жою немесе қайта брондау туралы өтініштер түскен жоқ. Туристік жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар туроператорларға жүгіне алады, олар ілеспе комиссияларды ескере отырып және қызметтер шарттарында көрсетілген шығындарды шегеріп, қайта есеп айырысуы керек», – делінген хабарламада. Сонымен қатар туроператорлар демалыс күндерін, бағытын, баратын елді ауыстыру және т.б. баламалы опцияларды ұсына алады. Бүгінгі таңда Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024