Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейдің Украинамен шектес облысының басшысы үш зымыран атып құлатылғанын хабарлады

azattyq.org

Ресейдің Украинамен шектес облысының басшысы үш зымыран атып құлатылғанын хабарлады

Ресейдің Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзі басқаратын өңірде үш зымыран атып түсірілгенін хабарлады. Оның мәліметіне қарағанда, дүйсенбі күні Новый Оскол қаласында әуе қорғанысы жүйесі дабыл қаққан. "Бір адам қолынан жараланды" дейді Гладков телеграм-арнасында.Губернатордың сөзінше, Новый Оскол округіндегі бірнеше селоның электр желілеріне зақым келген.Украинада соғыс басталғалы бері Ресейдің Украинамен шектес аймақтарындағы елді мекендер атқыланғаны және өлгендер туралы ақпарат жиі шыға бастаған. Ресей басшылығы мұны Украинадан көреді, Украина бұл жөнінде қандай да бір түсініктеме берген емес.Шекара аймағындағы Ресей әскері Украина жерін атқылап келеді. Белгород облысынан Украинаның Харьков облысы мен оның орталығы ұдайы атқыланып отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024