Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Киев Ресей әскерилерін тұтқынды өлтірді деп айыптады

azattyq.org

Киев Ресей әскерилерін тұтқынды өлтірді деп айыптады

Желіде "Слава Украине!" деп ұрандатқан қарусыз адамды әлдекімдер атып өлтіргені түсірілген видео тараған соң, Киев бұл жайтты тергеуді бастады.Дүйсенбіде Украина және Ресей телеграм-арналарында видео тарады. Онда Украина қарулы күштері формасына ұқсас әскери киім киген қарусыз ер адам орманды жерде темекі тартып бола, "Слава Украине!" дегені сол, оған автоматтан оқ жаудырылғаны көрінеді. Бұл видео қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз. Оқ атқандардың түрі көрінбейді, тек дауысы естіледі. Өлген адам тұтқынға өз еркімен берілген украин әскериі болуы мүмкін деген болжам бар.Украина билігі бұл істі Халықаралық қылмыстық сот тергегенін талап етті.Халықаралық қылмыстық сот прокуроры Карим Хан "Бұл әскери қылмысты дереу тергеу өте маңызды. Айыптылар сотқа тартылуы керек, жазасын алуы керек" деген. Мұны Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба хабарлады. Ол сондай-ақ бұл оқиға соғысты геноцид деуге тағы бір дәлел болатынын айтты.Украина омбудсмені Дмитрий Лубинец Ресейдің кезекті әскери қылмысын дәлелдейтін бұл видеоны өзге елдердердегі құқық қорғаушы әріптестеріне жібергенін хабарлады.Видеоға қатысты президент Владимир Зеленский де пікір білдіріп, өлтірген адамдарды табуға уәде етті. Украинаның қауіпсіздік қызметі "соғыс заңы мен ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.Соғыс уақытында тұтқынға түскен украиналық та, ресейлік те әскерилердің кісі қолынан өлгені түсірілген видеолар бұған дейін де БАҚ-та жарияланған. Әр кез тараптар бір бірін әскери қылмыс жасады деп айыптайды. Укрина билігі өз әскерінің мұндай әрекетіне қатысты тексеру жасағанымен, әзірге оның нәтижесі жайлы ақпарат жоқ. Ресей билігі болса ешқандай түсініктеме бермей келеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024