Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Слава Украине!" деген соң өлтірілген жауынгерді қаруластары мен қарындасы таныды

azattyq.org

Слава Украине! деген соң өлтірілген жауынгерді қаруластары мен қарындасы таныды

"Слава Украине" деген соң бірден атып өлтірілген тұтқын украин жауынгері Тимофей Шадура болуы мүмкін. Бұл ақпаратты князь Константин Острожский атындағы 30-механикаландырылған жеке бригада хабарлады. Шадура сол бөлімде қызмет еткен.Бригаданың хабарына қарағанда, 41 жастағы Шадура биыл 3 ақпанда Бахмут ауданындағы ұрыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен. Қазір оның денесі Ресей басып алған жерде жатыр. Оның кім екені мәйітті алып, сараптама жасалған соң түпкілікті анықталады.Бұған дейін украин журналисі София Кочмар-Тимошенко Шадураның қарындасының "Менің ағам екеніне 100 пайыз сенімдімін. Көзінен, дауысынан темекіні қалай шегіп тұрғанынан таныдым" деген сөзін жариялаған.Кеше әлеуметтік желіде шұқыр қазып болған соң, темекі шегіп тұрған украин жауынгерін "Слава Украине" деген сөзінен кейін бірден атып тастағаны көрінетін видео тараған. Украина соғыс заңы мен дәстүрін бұзу бабы бойынша тексеріс бастаған.Украина билігі Халықаралық қылмыстық сот прокурорына бұл істі тексеруді бастауға шақырған.Украинаның адам құқығы жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец әлеуметтік желіге тараған видеоны Ресейдің кезекті соғыс қылмысының айғағы ретінде түрлі елдердегі әріптес құқық қорғаушыларға жібергенін хабарлады.Украина президенті Владимир Зеленский тұтқындағы жауынгерді өлтірген адамды табуға уәде берді. Ресей бұл видео жайлы түсініктеме жарияламады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024