Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей тұрғындарына әскери комиссариатқа шақыру қағаздары келіп жатыр

azattyq.org

Ресей тұрғындарына әскери комиссариатқа шақыру қағаздары келіп жатыр

Ресейдің 30-дан астам аймағында тұрғындар әскери комиссариатқа шақыру қағаздарын ала бастаған. Ақпаратқа қарағанда, резервте тұрған ер адамдарды әскери комиссариатқа барып, әскери тіркеу мәліметтерін нақтылап кетуге немесе әскери іріктеуге шақырған. Заңгерлердің айтуынша, мұны мобилизацияның "екінші толқыны" деп атауға болмайды.Astra Телеграм-арнасының есебінше, 33 аймақта тұрғындарға шақырту қағазы берілген. Мұндай шақырту қағазын әскери борышын өтеу мерзімі кейінге шегерілген жоғары оқу орын студенттері де алған."Агора" құқық қорғау тобының адвокаты Павел Чиков шақыру қағаздарын жаппай таратуды "мобилизацияның екінші толқыны" деп атауға болмайды деп санайды. Оның сөзінше, әскери комиссариат азаматтарға егер олар тұрақты мекенін немесе отбасы жағдайын өзгертсе, шақыру қағаздарын тапсыра алады. Чиковтың сөзінше, дегенмен әскери іріктеу туралы хабарламалар түрлі сұрақтарға жетелейді. Әскери іріктеу жүргізу үшін президент Владимир Путиннің жарлығы керек. Әзірге мұндай жарлық шықпаған.Бұған дейін Ресей билігі мобилизацияның екінші толқыны болмайды деп мәлімдеген. Алайда Путиннің 2022 жылы 21 қыркүйек күнгі мобилизация жүргізу туралы бұйрығының күші жойылмаған.1 сәуірден бастап Ресейде әскери борышын өтеу жасына жеткен солдаттарды әскерге ала бастайды. Бұған қоса, қорғаныс министрлігі жалдамалы қызметкерлерді де әскерге ала бастайтынын хабарлаған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, әскер шамамен 400 мың адамға толығуы тиіс.Қаңтарда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу алдағы үш жылда орыс әскерінің санын 1,5 млн адамға дейін ұлғайту қажеттігін айтқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024