Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

7 арнаның жаңа маусымдағы жаңа тұжырымдамасы

alashainasy.kz

7 арнаның жаңа маусымдағы жаңа тұжырымдамасы

7 арнаның жаңа маусымы жаңалыққа толы. Жаңа келбет, жаңа бағыт, жаңа контент. Жаңару үшін танымдық дүниемен бірге, жаңа ойын-сауық бағдарламалар жарыққа шықты. «7 арна» жаңа маусымда жанашыр көрермен үшін бәрін жасайды, бәрін жаңартады! Бұл біздің басты ұранымыз болмақ. Шуақты көктеммен бірге қайта түлеген арна көрерменмен бірге көрер көзге де айрықша болып қайта түрленді. Ребрендинг жасалды. Ел көретін эфир ерекше безендіріліп, жаңа жасаумен жаңғырды. Яғни, арнаның логотипі ауыстырылып, бағдарламалар кестесі қызықты контентпен толықты. "Біз барлық жастағы көрермен үшін заман талабын ескеріп, қайта жаңардық. Түрлендік. Әртүрлі түрге ендік. Көңілді күйге ендік. Бұның бәрі Сіз үшін патша көңіл көрермен. Ерекше жобаларымыздың бірі – «Қыздар-ай». Өйткені, әйелдер – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы." дейді арнаның бас директоры Әния Байораз. Тарқататын болсақ, 20 наурыз күні, сағат 14:30-да "Қыздар-ай" атты жаңа әлеуметтік шоудың шымылдығы түріледі. Жарқыраған жұлдыздар Жанар Айжанова мен Аша Матай тізгіндейтін жаңа бағдарлама көрерменнің жүрегін бірден жаулап алатынына күмәніміз жоқ. Бағдарламаның басты мұраты - нәзік жандардың жан жүрегін тербеп, көрерменге күн сайын студияға келген алуан кейіпкердің алуан түрлі өмірі мен өзекті мәселелерін толғайды. Тағдыр талайымен бірге олардың қуаныш пен жұбанышы, жетістігі мен жетпей жатқан тұстары, өмірлік тәжірибелері мен тәлім- түсінігі талқыға түседі. Артық болмаса, ақыл айтылады. Керек болса, кеңес беріледі. Қысқасы, керек деректі тек осы бағдарламадан табасыз. Тағы бір жаңалық – танымал тұлғаларға қатысты. Оны жексенбі сайын 7 арнада Анна Данченко жүргізеді. Анна ару эфирдегі уақытын елге есім-сойы белгілі шоу бизнес, театр және кино жұлдыздарына арнайды. Әр сенбі мен жексенбі күндері «Жұлдызды шаңырақ» және «Қызықты weekend» бағдарламаларында Анна көрерменге БАҚ өкілдері бас сұға бермейтін жерлерді көрсетеді. Сырын ашады. Жұмбағын шешеді. "Аудиториямыздың негізгі бөлігі қыз-келіншектер болғандықтан арнамыз отбасы құндылықтарын нығайтуға баса мән береді. Біз көрермен танымының көкжиегін кеңейтіп, парасат- пайыммен елдің ертеңіне керек дүние жасасақ дейміз. Соған орай, арнамызды жаңа форматқа көшіріп, көрерменге көп тосын сый әзірледік" дейді арнаның Бас директоры Әния Байораз. Аяулы жандар аудиториясына арналған жобалардан басқа, жақын арада 7 арна эфирінде қазақ және орыс тілдерінде баламасы жоқ апталық кешкі шоу басталады. Сценарийі әзірге құпия, бірақ 7 арнаның креативті тобы қалың көрерменге бұл шоудың сөзсіз қызықты болатынына уәде беріп отыр. Сонымен осы көктемде 7 арнадан тағы не күтеміз? Әлбетте, көңіліңізді үйірер һәм иірер қызықты сериалдар мен сапалы фильмдер ұсынамыз. Телеарна өздеріңізді Қазақстан, Түркия, Ресей, Украина, Бразилия және АҚШ түсірген эксклюзивті фильмдермен, сериалдармен тамсандырмақ. Сондықтан, бізбен бірге болыңыз, қадірлі көрермен! «7 арна» Сіз үшін бәрін өзгертеді! Қосымша ақпарат алу үшін Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 31 мекенжайы бойынша *, +7 (7172) 476 767 телефон нөміріне хабарласыңыз. office@tv7.kz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024