Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 22 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы болады. ҚазАқпарат.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
9 мамыр 2025
9 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар