Риддердегі ЖЭО-да тағы бір апат болды

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс толқыны шамамен 80 м шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратқан. Қазандықтарға көмір беру сағат 13.00-де қалпына келтірілді.
Бұл жерге Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия технологиялық бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізеді, - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.
Комиссия құрамына Комитет өкілдері, Риддер ЖЭО және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады.
Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандықтың екеуі жұмыс істейді. Қалған 4 қазандықта ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу желісінің температурасы 70/46 градус графикте 45/35 градус.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
2 маусым 2023