Қостанай облысында еріген қар суы жолды басып қалды

alashainasy.kz

Қостанай облысында еріген қар суы жолды басып қалды

Қостанай облысында "Торғай - Шилі - Аралкөл" тасжолының учаскесін еріген қар суы басып қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"26 наурыз күні "Торғай - Шилі - Аралкөл" автожолы қозғалыс үшін жабылды. Жолдың 108-шақырымын еріген қар су басып қалды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ", - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Аталған жерде полиция бөлімінің қызметкерлері, бір техника мен бір құтқарушы кезекшілік етуде.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 маусым 2023