Алматы - Өскемен тас жолында екі көлік соқтығысты

alashainasy.kz

Алматы - Өскемен тас жолында екі көлік соқтығысты

Алматы - Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы болып алты адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысы Көксу ауданында тіркелді. Алматы - Өскемен тас жолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соқтығысты.

Оқиға орнынан аудандық ауруханаға алты адам медициналық тексеруге жеткізілді. Олардың бірі - кәмелетке толмаған бала.

Жүргізушілердің қайсысы жол апатына себеп болғаны тергеу барысында анықталады.

Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмысын жалғастыруда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 маусым 2023