Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Кешіре алмай жүрмін» - Тұңғышбай Жаманқұлов өзін сатып кеткен жандар туралы айтты

paryz.kz

«Кешіре алмай жүрмін» - Тұңғышбай Жаманқұлов өзін сатып кеткен жандар туралы айтты

Актердің айтуынша, ол өзінің елімізге танымал шәкірттерінің бірін әлі күнге дейін кешірмеген. «Талай адам үстімнен арыз жазды. Алдында арыз жазып, қол қойғандардың біразы кешірім сұрамаса да, «білмей қалдым» дегендер болды. Сатып кеткен үлкендерді айтпай-ақ қояйын. Өзімнің шәкіртім Ерлан Біләлді кешіре алмай жүрмін. Өйткені атышулы министрдің айтқанына еріп, жарамайтын нәрселер жасады. Ит те болса ұстаздың алдын кесіп өтуге болмайды деп есептеймін. Сондықтан оның сатқындығын кешіре алмай жұрмін. Өзі келіп, кешірім сұраған жоқ. Егер келіп жатса… «Алдың келсе, атаңның құнын кеш» дейді ғой. Қатып қалған ешнәре жоқ. Бірақ жүрекке сызат түсіру оңай емес. Оның жазылуы да қиын», — деді Жаманқұлов.

Айта кетелік, бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов берген сұхбатында 15 күндей жындыханада жатқанын айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024