Қажылыққа барғандар мінген автобус өртеніп, 20 адам көз жұмды

Сауд Арабиясында Умра сапарына келушілер мінген автобус апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Bugin.kz-ке сілтеме жасап. Report агенттігінің мәліметінше, 20 адам көз жұмып, 29 адам жарақат алған. Жол апаты Асир әкімшілік ауданында болған. Тежегіштер істен шыққандықтан, автобус көпірге соғылып, өртеніп кеткен. Оқиға орнына өрт сөндіру бригадалары мен дәрігерлер жұмылдырылды. Ақпаратқа сәйкес, қажылар умра жасау үшін Меккеге бет алған. Олардың барлығы Йеменнен екендігі нақтыланды.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар