Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Баланы әлсіретуге болмайды» - Ораза ұстайтын оқушыларға қатысты Бас мүфти...

turkistan.today

«Баланы әлсіретуге болмайды» - Ораза ұстайтын оқушыларға қатысты Бас мүфти...

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында балалардың ораза ұстауына қатысты даулы мәселеге пікір айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.«Шариғат бойынша балағат жасына толған, дені сау адам ораза ұстауға міндетті. Ал балаларға келсек, егер балиғат жасқа толмаса міндетті емес. Ораза ұстау, намаз оқу – біреуге көрсету үшін жасалатын құлшылық емес. Мен өзім он жасымнан бастап ауыз бекіткенмін. Ол кезде тіпті ата-анамыз ұстамайтын. Алғашында үш күннен бастап, кейін толықтырып ұстап үйрендік. Яғни, балағат жасына толмастан ұстадық. Егер бір бала балиғатқа толмай ұстаймын десе, денсаулығына зиян келмесе, басқа да қиыншылықтар тудырмаса, оны жазалау да дұрыс емес. Бізге «мектепте ұйықтап жатты» деп хабарласқан адамдар болды. Әрине, бала әлсіресе, сабақ дұрыс болмаса, балағат жасына толмаса, әрине, олай баланың денсаулығына зиян тигізу дұрыс емес. Ал балағат жасына толған адамға ораза ұстау қиындық тудырмайжы», - деп айтты Наурызбай Тағанұлы. «Егер дұрыс ережесімен өткізсек ораза адамды тәрбиелейді. Білім министрлігімен дінге қатысты мәселелерде ақылдасамыз. Ең бірінші, еліміз білімге көп көңіл бөлу керек. Жастарымызды білімге баулып, қолдау қажет. Білімді болсақ, руханият да, экономика да өседі. Құранның алғашқы сүресі де «оқы» деп түскен», - деп түсіндірді діни басқарма басшысы. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады. https://www.youtube.com/watch?v=Caozkb8wI8s&t=4306s

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024