Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Рим Папасы Ресей халқын Украинадағы соғыс туралы шындықты білуге шақырды

azattyq.org

Рим Папасы Ресей халқын Украинадағы соғыс туралы шындықты білуге шақырды

Рим Папасы Франциск католиктер мен протестанттар биыл 9 сәуірде атап өтетін Пасха құрметіне арналған дәстүрлі жолдауында Ресей халқына үндеу тастап, Ресей әскерінің Украинаға басып кіргені туралы шындықты білуге шақырды. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.Жексенбіде Әулие Петр соборы алаңындағы діни рәсімге жетекшілік еткен понтифик Таяу Шығыста жаңадан пайда болған зорлық-зомбылыққа байланысты пайда болған Израиль мен Палестина халқын да диалогқа шақырған.Еуропада көктемнің әдеттен тыс салқындығына байланысты 86 жастағы Рим Папасы жұма күнгі ашық діни рәсімге қатыспаған.Жексенбі күні бейбітшілік үшін дұға жасаған Франциск "Жер бетінде түнек жиілегенін" айтқан. "Бейбіт өмір үшін күресіп жатқан Украина халқына Құдай жар болып, Ресей халқына пасха нұрын төксін" деп дұға жасаған.Ресей Украинаға басып кіргелі Рим Папасы Украинаны қолдап, Ресей әскеріне қарата агрессия, қатыгездік пен зорлық-зомбылық деген сөздерді жиі пайдаланатын болған.Рим Папасы Оңтүстік Судан, Ливан және Гаитидегі қарулы қақтығыстарды да еске алған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар