Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей Украинаның Одесса облысына "Шахед" дрондарымен шабуыл жасады

azattyq.org

Ресей Украинаның Одесса облысына Шахед дрондарымен шабуыл жасады

19 сәуірге қараған түні орыс әскері Украинаның Одесса облысына ирандық "Шахед" дрондарымен шабуылдады. Бұл жөнінде Одесса әскери әкімшілігінің жетекшісі Юрий Крук хабарлады.Әзірше толық емес ақпарат бойынша, шабуылдың салдарынан ешкім зардап шекпеген. Шабуылдан кейін азаматтық инфрақұрылым өртенген.Украинаның "Оңтүстік" бөлімшесі "рекреациялық инфрақұрылым нысаны" соққыға ұшырағанын айтты.Одесса облысы әкімшілігінің хабарлауынша, 12 дронның 10-ы атып түсірілген.Мұның алдында Одессада жарылыс естілгені жөнінде хабар тараған. Қалада әуе дабылы іске қосылған.Украинаның әуе шабуылынан қорғайтын жүйесі сейсенбі күні кешкісін Запорожье мен Днепр аумағында жеті дрон атып түсірілгенін, алтауы "Шахед" екенін хабарлаған.18 сәуірде Германия Киевке әуе шабуылынан қорғайтын алғашқы "Пэтриот" кешені мен ракеталар берді. Берілген ракеталар саны туралы мәлімет жоқ. Германия үкіметі олар туралы мәлімет қауіпсіздік мақсатында айтылмайтынын хабарлады.АҚШ-та осы кешендермен жұмыс істейтін украин әскері дайындықтан өтіп жатыр. Бұдан соң Киевке сегіз қондырғысы бар "Пэтриот" зениттік ракета кешенінің екі батареясы жеткізіледі. Олар сәуірдің аяғында немесе мамырдың басында әскери кезекшілікке шыға бастайды.Украина маңызды инфрақұрылымдарын қорғау үшін Батыстағы одақтастарынан "Пэтриот" жүйесін сұрап келеді. "Пэтриот" қондырғысынан түрлі модельдегі ракеталарды ұшыруға болады. Кейбірі 80 шақырым жердегі нысандарды жоя алады. Аталған жүйе дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен ұшып келе жатқан нысандарға тойтарыс береді, бір мезетте 125 нысанды бақылауға ала алады, алтауын көздеп жоя алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024