Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

12 жасар қазақ қызы Испанияда ән байқауының бірінші...

turkistan.today

12 жасар қазақ қызы Испанияда ән байқауының бірінші...

12 жастағы қазақстандық Жанель Әли Кристина Агилераның "Hurt" композициясын орындап, Испаниядағы La Voz Kids "Балалар дауысы" бағдарламасының көрмей таңдау кезеңінен өтті, деп хабарлайды Turkistan Today ztb.qazaqstan-ға сілтеме жасап.La Voz Kids - испан телеарнасында шығатын вокалды телешоу. Бірінші кезеңде қатысушылар "көрмей таңдау" кезеңінде тәлімгерлер сахнаға теріс қарап отырып, оларды дауысы арқылы таңдайды. Дәл осы турда Жанель ән айтқанда бірден үш тәлімгерді қарата білді. Бұл маусымда Испанияға танымал өнерпаздар вокалдық тәлімгерлер әділ қазылық етеді. Олар Айтана, Росарио Флорес, Себастьян Ятра, Давид Бисбаль болды. Қазақ қызы тәлімгер ретінде белгілі әртіс Росарио Флорестің таңдады. Ал Жанельдің үш ай ішінде испан тілінде еркін сөйлегеніне тәлімгерлер тіпті тәнті болды.YouTube-тағы қазақ қызының өнері 122 мыңнан астам рет қаралым жинап үлгерген.Естеріңізге сала кетсек, дәл осындай жобада “Голос дети. Украина” таланттар бәйгесінде қазақстандық Данеля Тулешова жеңіске жеткен болатын. Отандасымыз Жанель Әли де биік шыңдарға жетеді деп сенеміз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024