Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда ескерткіштану орталығы ашылды

almaty-akshamy.kz

Алматыда ескерткіштану орталығы ашылды

Алматыда «Қазақ ескерткіштануы бойынша ғылыми-зерттеу орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ғылым Ордасы ғимаратында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ресми өткен жылы қыркүйекте құрылған «Қазақ ескерткіштануы бойынша ғылыми-зерттеу орталығының» салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

Орталықтың құрылуы қазіргі Қазақстан үшін ескерткіштанудың өзекті ғылыми-тәжірибелік бағытының маңызды рөлін көрсетеді. Сондай-ақ Ұлттық Ғылым Академиясының жүйесіндегі ескерткіштану дәстүрі іспетті арнайы мақсатты жасалған іргелі еңбектерінің жалғасы болып табылады.

«Айта кеткен жөн, Қазақстанда 150 мыңнан аса еліміздің өткенін тануға, сан алуан мәдениетін білуге таусылмас дерек көзі болатын тарихи-мәдени, көркемдік маңызға ие ескерткіштер бар. Олар идеологиялық, насихаттық, экономикалық маңызға ие және қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде өзіндік орны бар. Кең байтақ далада тарыдай шашылған көне құрылыстар мен кешендердің маңыздылығы қазіргі күнгі геосаяси тұрғыдан қиын-қыстау кезеңде тіптен арта түспек, өйткені олар территориялық тұтастықтың, мемлекет тәуелсіздігінің негізі болатын тарихи-мәдени іргетасы болып табылады.

Қазіргі таңда тез бұзылып, жоғалып жатқан бірегей ескерткіштерді кешенді зерттеу, атрибуция, қорғау, қайта қалпына келтіру, сақтау және ары қарай пайдалану жалпы мемлекеттік маңызы бар міндет», – деп хабарлады шара ұйымдастырушылары.

Салтанатты ашылу рәсіміне ғалымдар, археолог, архитекторлар, институт ғалымдары қатысты. Сондай-ақ іс-шара барысында фото және кітап көрмелері ұйымдастырылды, Шығыс елдерінің Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі С.Е. Әжіғали лекция оқыды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024