Украина Севастопольге шабуылды қарымта шабуылға дайындық деп атады

Ресей аннексиялап алған Севастопольдегі мұнай қоймасына шабуыл - Киевтің қарымта шабуылға дайындығының бір элементі. Украинаның оңтүстік күштері басқармасының өкілі Наталья Гуменюк УНИАН агенттігіне осылай деді.Гуменюктің сөзіне қарағанда, мұнай қоймасындағы өрт Ресей әскерін қатты алаңдатқан. Олар өз отбасыларын эвакуациялауға тырысып, мүмкіндігінше аннексияланған Қырымнан кетуге күш салып жатыр."Бұл ірі қарымта шабуылға дайындық жұмысы" деді қорғаныс күштерінің өкілі.Севастопольдің Казачья ықшамауданындағы мұнай қоймасында өрт 29 сәуір болған. Төрт цистерна өртенген, ешкім зардап шекпеген. Севастопольдің ресейлік губернаторы мұнай қоймасына екі дрон шабуыл жасағанын хабарлады. Біреуі атып түсірілген.Украина жағы өрттен кейін Ресейдің Қара теңіз флотына арналған отыны бар он қойма жойылғанын хабарлады. Бірақ Киев шабуылды мойнына алмаған.Украина президенті Владимир Зеленский Севастопольге шабуыл жасалған күні батыс ақпарат құралдарына Украинаның қарулы күштері жоғалтып алған территорияны, оның ішінде Қырымды да қайтаруға күш салатынын айтқан. Ал бұған жауап берген Қырым парламентінің жетекшісі Владимир Константинов шабуылды ұйымдастырғысы келетін Киевке қатаң тойтарыс беретінін айтқан.Украинаның шабуылға дайындалып жатқаны туралы хабардың тарағанына бірнеше ай болды. Кейінгі ақпаратқа қарағанда, ол мамырда немесе жаздың басында басталуы мүмкін. Киев ол жөнінде алдын ала хабарламайтынын айтқан.Украина халықаралық дәрежеде мойындалған территориясын, оның ішінде Қырым да бар, қайтаруға күш салатынын мәлімдеп келеді.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
11 мамыр 2025
11 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар