Украина Ресейдің Киевке жіберген 35 камикадзе дронын түгел атып құлатқанын хабарлады

Ресей 8 мамырға қараған түні Киевке "Шахид" камикадзе дронымен шабуыл жасаған. Украина қарулы күштері 35 дронның 35-ін де атып түсіргенін хабарлады. Дрондар Ресейдің Брянск облысындағы Сеща аэродромынан ұшырылған.Құлаған дрон сынықтарынан бес адам зардап шеккен. Бұл ақпаратты Киев қаласы әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко хабарлады.Ресей қарулы күштері 8 мамырға қараған түні Одесса облысын Х-22 зымыранымен атқылаған. Зымыранды Қырымнан Ту-22м3 бомбалаушы ұшағы алып шыққан. Әкраина әскерінің ақпаратына қарағанда, зымырандар Қара теңіз жағасындағы азық-түлік кәсіпорындарының қоймасына түскен.Ресей Киев пен Одессаға 4 мамырда да камикадзе дронмен шабуыл жасаған еді. Ол кезде Украина әуе қорғанысы дрондардың бәрін атып құлатқанын хабарлаған. Одессада 15 дроынның 12-сі жойылған. Қалғандары қаладағы оқу орындарының бірінің жатақханасына түсіп, өрт шыққан.Былтыр қыркүйекте Украина қарулы күштері Харьков облысында Иранның "Шахид-136" дрондарын атып құлатқанын алғаш рет мәлімдеген. Ол кезде құлаған дрон сынықтарындағы "М214 Герань-2" деген жауздың фотосы жарияланған.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
11 мамыр 2025
11 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар