Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Вагнер" жетекшісі Пригожин Бахмутты "толық басып алғанын" мәлімдеді. Украина қарулы күштері жоққа шығарды

azattyq.org

Вагнер жетекшісі Пригожин Бахмутты толық басып алғанын мәлімдеді. Украина қарулы күштері жоққа шығарды

Ресейлік "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының иесі Евгений Пригожин 20 мамырда Украинаның Донецк облысындағы Бахмут қаласын басып алғанын мәлімдеді. Бұл қалада бірнеше ай қызу шайқас жүрген.Телеграмда жарияланған алтыминуттық роликте Пригожин қаланы 20 мамырда түсте басып алғанын айтады."Бахмутты басып алу операциясы 224 күнге созылды" деді "Вагнер" жетекшісі.Ал Украина қарулы күштері ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Малярдың айтуынша, қаладағы "белгілі бір өнеркәсіп және инфрақұрылым нысандары" мен жеке сектор украин әскерінің бақылауында. Дегенмен Маляр қалада жағдай "өте күрделі" екенін айтты. Украина қарулы күштерінің шығыс әскері басқармасының өкілі Сергей Череватый Бахмутта ұрыс жалғасып жатқанын айтты.Қаланың басым бөлігі орыс әскерінің бақылауына өткеніне біраз уақыт болған. Кейінгі кезде шайқас батыс аудандарда жалғасқан.Пригожиннің сөзінше, қаланы басып алу операциясы былтыр күзде басталған. Оған тек жалдамалы әскер ғана қатысқан.Пригожин Ресей армиясының генералы Сергей Суровикинге "ауыр операцияны жүргізуге мүмкіндік бергені үшін" және "отанды қорғау құрметіне ие болғаны үшін" президент Владимир Путинге алғыс айтты. Пригожин өз сөзінде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен бас штаб жетекшісі Валерий Герасимовті қатаң сынап, олар соғысты "өздерінің ойын-сауығына айналдырып жіберді" деді. Пригожин оларды бұған дейін де сынаған.Ресей қорғаныс министрлігі Бахмутқа қатысты хабарлама таратқан жоқ. Ал Ресей аннексиялап алған Қырымның ресейлік басшысы Сергей Аксенов құттықтау жариялады.Бахмут – Украинаның Донецк облысының аудан орталығы. Батыс елдерінің есебінше, екі жақ та ол жақта орасан зор шығынға ұшыраған. Қала қатты қирап, жермен-жексен болған.Украина мен батыс сарапшыларының айтуынша, қаланы басып алудың стратегиялық маңызы жоқ. Оның батыс жағында украин армиясының жаңа қорғаныс аумақтары орналасқан.Кейінгі екі аптада Бахмуттың солтүстігі мен оңтүстігінде украин әскерінің қарымта шабуылы сәтті болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024