Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ТАСС: Донецкіде 7 бұрынғы тұтқын әскери бөлімнен қарумен қашқан

azattyq.org

ТАСС: Донецкіде 7 бұрынғы тұтқын әскери бөлімнен қарумен қашқан

Украинаның Ресей бақылауындағы Донецк облысында жеті ресейлік әскери қызметкер әскери бөлімнен қарумен қашқан. Олардың барлығы бұрын түрмеде болған. Бұл жөнінде құқық қорғау органдарына сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады.Агенттіктің хабарлауынша, бесеуі ұсталған. Үшеуі Луганск облысы Брянкідегі дәмханадан мас күйінде ұсталған. Тағы бірін дезертирлердің өздері атқан. Енді бір адам іздестіріліп жатыр.Ақпаратқа қарағанда, олар Донецк облысы Соледар ауданындағы әскери бөлімнен қашқан. Бұрын бұл аумақ "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының бақылауында болған. ТАСС материалында "Вагнер" туралы ештеңе айтылмайды.Жуырда бірқатар ақпарат құралдары Украинаның Луганск облысында Ресей бақылауындағы Лисичанскідегі әскери лагерьден 38 әскери қызметкердің қарумен қашқанын хабарлаған. 161.ru сайтының мәліметіне қарағанда, Ресей түрмесінен соғысқа алынған бұрынғы тұтқындар қашқан. Олар "Шторм Z" штурмдік отряд құрамында болған. Басылымның жазуынша, Украинаның Луганск облысымен шектесетін ресейлік Ростов облысындағы шекара пунктінде қауіпсіздік күшейтілген, жергілікті әкімшіліктерге хабарландыру жіберілген. Дегенмен бұған қатысты ресми ақпарат шыққан жоқ. ТАСС жазған оқиғаның бұған қатысы бар-жоғы белгісіз.Ресейде Украинадағы соғысқа түрмедегі тұтқындарды тартумен "Вагнер" жекеменшік әскери тобының жетекшісі Евгений Пригожин айналысқан. Биыл жылдың басында Пригожин тұтқындарды соғысқа тартуды доғарғанын, енді онымен қорғаныс министрлігі айналысатынын мәлімдеген. Мұны BBC-дің зерттеуі де дәлелдеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024