Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Полиция іздеуде болған Ресей азаматын ұстағанын хабарлады. Ол мобилизация басталғаннан кейін Қазақстанға қоныс аударған

azattyq.org

Полиция іздеуде болған Ресей азаматын ұстағанын хабарлады. Ол мобилизация басталғаннан кейін Қазақстанға қоныс аударған

Қазақстан ішкі істер министрлігіне қарайтын Polisia.kz сайты Қарағандыда 24 жастағы Ресей азаматы ұсталғанын хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, Ресейде "есірткімен айналысты" деп айыпталған ер адамға сол жақта іздеу жарияланған. Қарағанды полициясы да енді одан "есірткімен айналысқан болуы мүмкін" деп күдіктенеді.Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.Қарағанды облыстық полиция департаментінің Азаттыққа хабарлауынша, Ресей азаматы Қарағандыға ақша табуға келген. Өзінің айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанға қоныс аударған. Полицияның мәліметінше, ол "есірткімен айналысқан болуы мүмкін".Полицияның хабарлауынша, ұсталған адам "есірткімен айналысқанын мойындап", ақ түсті ұнтақ салынған 18 дорбаны "өз еркімен тапсырған". Кейін одан тағы 32 дорба тәркіленген.Қарағанды облыстық полициясы "есірткі, психотроптық заттарды, сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бабы (297-бап) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.Былтыр Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін негізінен әскерге жарамды мыңдаған азамат пен олардың отбасы көрші елдерге, оның ішінде Қазақстанға да ағылған.Қазақстан билігі бұған дейін де Ресейде іздеуде болған азаматтар ұсталғанын хабарлаған. 30 мамырда ҰҚК шекара қызметі Қазақстаннан Ресейге ірі көлемде есірткі өткізу талпынысы болғанын, қылмыстың "жолы кесілгенін" мәлімдеді.ІІМ-нің наурыз айындағы мәліметінше, Қазақстанда есірткі жағдайына үш фактор әсер етеді: ауған героинін Орталық Азия, Қазақстан, Ресей арқылы Еуропаға жіберетін трафик, Қазақстанның оңтүстігіндегі каннабис алқаптары және синтетикалық есірткі.ІІМ-нің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда есірткіге байланысты шамамен 3 мың қылмыс анықталған, 16 мың тонна есірткі тәркіленген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024